ЖАҢА ӘДЕБИЕТТЕР КӨРМЕСІ

0

Құрметті кітап сүйер қауым!

Сіздерді кітапханада ұйымдастырылған «Кітап –білім қазынасы» атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз. Көрменің мақсаты: оқырман қауымды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру.

Көрмеге қоғам және мәдениет қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына шыққан Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» кітабы; Р. Ниязбеков «Көсем» тарихи роман (мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы) «Тараздың тарландары- Алаштың ардақтысы» атты жинақ; М.Дулатовтың қызы Гулнар Міржақыпқызы Дулатованың «Алаштың сөнбес жұлдыздары»; Тахауи Ахтанов «Боран» ;М. Қаназ «Кек» тарихи драма мен хикаяттар; А.Тоқтабай «Қазақтың киелі жерлері» (Төле би кесенесі, Айтеке би қабірі, Абылай хан , Құнанбай сұлтан, Сарайшық қаласы, этнографиялық зерттеулер т.б.); Ө.Қырғызбаев «Телқоңыр» (даңқты күйші Сүгір Әліұлы туралы); А.Көпжасарованың «Ақшуақ» таңдамалы өлеңдер жинағы; М.Байғұт «Әкімнің әйелі» әңгімесі; Т. Нұрмағанбетов «Періштелердің өлімі» (роман, хикая әңгімелер); Е. Жаубай «Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері»; «Әлемдік классика» сериясымен шыққан Джейн Остин «Асқақтық пен адасу» романы; «Үздік шетел әдебиеті» Стивен Кингтің «Жасыл миль» романы қойылды. Балалар мен бүлдіршіндерге арналған балаларды ізгілікке, адамгершілікке баулитын Т. Рыскелдиевтің «Өсиет» әңгімелер мен хикаяттары; шытырман оқиға желісінде жазылған З. Телеуованың «Көл жағалауындағы көмбе хика- ят» заманауи әдебиет; балалар әдебиетінің классигі М. Әлімбаевтың «Алақай, балақай» өлеңдер жинағы; «Алатау ертегілері», «Қырық өтірік», бүлдіршіндерді өнегелі, өнерлі болып өсуіне ықпал ететін «Сусыма» ертегілері және тағы басқа жаңа әдебиеттер қойылды.

Кітап адам өміріндегі ең қажетті құндылық және ондағы білімді заман талабына сай жүйе арқылы бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Сондықтан көп кітап оқып, кітап жанашыры болуға шақырамыз.

Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жаңа әдебиеттермен толықты. Келіңіздер, оқыңыздар!

Аудандық орталықтандырылған кітапхана

Leave A Reply

Your email address will not be published.