ЖАҢА ОҚУ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ

0

Гвардейск гарнизонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің жазғы оқу кезеңіне дайындығы тексерілді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының комиссия құрамы әскери бөлімдердің жазғы оқу кезеңіне дайындығын тексерді. Әскери қызметшілердің әскери киім үлгілері, құжаттары және қару-жарақ пен әскери техникалар тексерілді. Сондай-ақ әскери қызметшілердің бөлімше құрамымен саптық жүрістері мен әскери ән орындауы тексерілді.
– Қазіргі таңда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия әскери бөлімдердің жазғы оқу мерзіміне дайындығы тексерілді. Тексеру барысында жаңа оқу мерзімге дайындықтарын тексеріп, құжаттарын, қаруларын сәйкестігін тексеріп, жаңа оқу мерзімге тапсырмалар қойылды, – деді комиссия мүшесі подполковник Нуридин Мырзақұлов.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.