ЖАҢА САЯСИ ТҰҒЫРНАМА – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

0

Бейсенбі күні Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде «Amanat» партиясы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті. Оның жұмысына «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мәден Мұсаев, «Аmanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мырзағали Күзербаев және делегаттар қатысты. Жиынға аудандық филиал басшысы Мәден Мұсаев төрағалық етті.
Мемлекеттік Әнұран тыңдалып болған соң төраға конференцияның күн тәртібімен таныстырды. Онда екі мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе, яғни «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау бойынша партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Күзербаев баяндама жасады. Ол «AMANAT» партиясының бастамалары мен бағыттары жазылған құжат мазмұнын кеңінен түсіндіріп, онда адам мен оның әл-ауқатына негізгі басымдық берілгендігін, халық денсаулығына, білім беру саласына, жастар саясатына қатысты бастамаларға ерекше назар аударылғандығын атап өтті. «Барлық тәжірибеміз бен қабілетімізді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған түбегейлі реформаларды табысты іске асыруға бағыттаймыз. Ертеңгі болашаққа нық сеніммен қадам басамыз. Әділетті, жаңа Қазақстанды рухы асқақ, бірлігі бекем, мақсаты айқын халқымызбен бірге құрамыз»,-деп сөзін аяқтады М.Күзербаев.
Осыдан кейін баяндаманы талқылау бойынша «Бай-Нұр» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты А.Ашимова жарыссөзге шықты. Айман Серікқызы партияның жаңа Саяси тұғырнамасының «Азаматтық қоғам – дамудың кепілі» атты екінші бағытын талқылап, мемлекеттік тіл аясын кеңейту және «Бейбітшілік пен өз ұсыныстарын жеткізді. Келесі кезекте жарыссөзге шыққан мәслихат депутаты Т.Апаева және «Сарыбұлақ» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ж.Мухашова Саяси платформа жобасын әрбір партия мүшесі біліп қана қоймай, онда айтылған әр бастаманы күнделікті жұмыста негізге ала отырып халық игілігі жолында қызмет етуге тиіс екендіктерін айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясына делегаттар сайлау туралы делегат И.Шуйшибекова хабарлама жасады. Конференция соңында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясына делегаттар көпшілік даусымен сайланып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулы жобасы қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.