ЖАҢА СУ ЖҮЙЕСІ САЛЫНУДА

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сумен қамтамасыз ету керегін, таза су әрбір үйде, әрбір отбасында болуын міндеттеген тапсырма жүктеген болатын. Сол тапсырмалардың орындалу қарқыны қазір жаман емес. Ал, мамыр айында өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов өңірлердің әкімдіктері сумен жабдықтаудың кешенді жоспарларын тез арада қайта нақтылап, апатты жағдайдағы су құбырларын шұғыл түрде жөнделуін қамтамасыз етуі қажеттігін баса айтқан.

Онда Үкімет басшысы: «Ауыз су мәселесі тұрғындар үшін өте өзекті. Сондықтан әрбір шешім уақтылы қабылданып, нәтижелі болуы керек, — деген еді.
Былтырдан бері ауданымыздың бірқатар округтерінде ауызсумен қамту жұмыстары қолға алынған болатын. Солдардың қатарында Степное ауылы да бар. Қажетті қаржы бөлініп, ашық конкурс нәтижесінде «Мелиаратор» ЖШС жеңімпаз болып анықталып, қазір жұмысты бастап кеткен. Бүгінгі күнге көшелерді қазып, трубаларды ауыстыру жұмыстары басталуда. Әбден ескірген ескі су жүйесі толығымен жаңаға ауыстырылатын болады.
Бүгінгі күнге 2 шақырымға жуық траншея қазылып 40 құдық орнатылған. Техника саны да жұмысты уақытылы атқаруға мүмкіндік береді.
Осындай жұмыстар Сарыбұлақ ауылында және аталмыш округке қарасты Қайнар ауылында да басталған. Аталмыш жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.