«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

0

Болашақ – өскелең ұрпақ қолында. Сондықтан бүгінгі біздің бүкіл қамқорлығымыз оларды қорғауға, тәрбиелеуге, жайлылығына, бақытты болуына бағытталуы тиіс. Бұл тізімде лайықты білім де алдыңғы қатарда тұрады. Мемлекет басшысы өз сөздерінде білім сапасын арттыру үшін шешуші шаралар қабылдау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Мәселен, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

 

Жоба аясында 2023-2025 жылдар аралығында 401 мектеп салынып, оларда 800 мың оқушы орындары болады. Жалпы алғанда, мектептердің құрылысына 2,6 трлн.теңге бөлінеді деп айтылған еді. «Жайлы мектеп» жобасының мақсаты –  мектептердегі орын тапшылығын болдырмау, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін түбегейлі шешу. Бір айта кетерлігі, бұл жоба бүкіл елмен бірге Қордай өңірінде де қолға алынбақ.

Үш жағдайлы мектеп құрылысының басталуы қордайлықтар үшін жағымды жаңалық болғаны рас. Осылайша, жақын болашақта Қордай, Қарасу және Қаракемер ауылдарында жаңа білім ошақтары пайда болады деп күтілуде.

Аудан орталығында 900 орындық мектеп құрылысы басталады, Қарасуда ауыл балалары 300 оқушыға арналған жаңа білім мекемесінде білімнің алуға мүмкіндік алып, Қаракемерде 300 орындық жаңа мектеп салынады.

Қаракемер мен Қарасуда жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асырылады деп күтілуде. Аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі мәліметінше, қазіргі уақытта Қордай ауылында мектеп құрылысын жүргізетін мердігер мекемені анықтау процесі жүруде. Қарасудағы 300 оқушы орындық мектеп құрылысын «Тараз Констракшн Инвест» ЖШС жүргізеді, Қаракемер ауылындағы мектептің құрылысына «Тараз Строй 2004» ЖШС жауапты. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын атап өту керек.

Тағы бір маңызды жайт, жергілікті атқарушы органдарға сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін шешу тапсырылды.

Мектептер барлық стандарттарға сай болады деп күтілуде. Білім ордаларында зертханалар, компьютерлік сыныптар, спорт залы және т.б.  болады. «Жайлы мектеп» заманауи интерьермен безендіріледі. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылатын болады – блоктар мен кабинеттердегі бейнебақылау жүйесі мен есіктер кез-келген қауіп төнген жағдайда автоматты түрде жабылады. Бұл мектептердің тағы бір айырмашылығы – кітапхана, кәдімгі оқу залдарынан бөлек, балалар электронды кітапханаға қол жеткізеді. Сонымен қатар, оқушылар коворкинг аймақтарын пайдалана алады.

Жаңа білім мекемелері бір жоба бойынша салынады. Бұл ауылдық жердегі балалар қаладағыдай жағдайда білім алуға мүмкіндік алады деген сөз. Бір сөзбен айтқанда, балаларымыздың болашағы үшін барлық жағдайлар жасалмақ.

 

Шолпан САБАНОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.