ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР – СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ БОЛАШАҒЫ

0

Жаңа технологияларды енгізу сот саласының басты жетістіктерінің бірі болып табылады. Бүгінде еліміздегі барлық сот отырысы залдары аудио-бейне тіркеу жүйесімен толығымен  жабдықталған.

 

«Сот кабинеті» атты ақпараттық сервис сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, сот төрелігінде қолжетімділік пен ашықтықты қамтиды. Бұл сервис кез-келген тұлғаның уақытын үнемдей отыра, үйінен немесе кеңседен шықпай, ғаламтор желісі арқылы сотқа талап-арыз, өтініш тапсыруға, әрі мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік береді. «Төрелік», «Дыбыс-бейнежазба», «Сот кабинеті» секілді бағдарламалар сот процестерінің аудио және бейне тіркеуінің жетілдірілген жүйесі сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуде.  Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану сот ісін жеңілдетуге, уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беретіндігін, азаматтардың  сот жүйесіне қол жетімділігінің артуына мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар, «QR-код» пен  «Telegram-бот», сот «Гибридті электрондык почта », СМС-хабарлама, «Сотқа шақыру  қағазы»  сервистері қолданысқа енгізілді. Аталған жобаларды енгізудің мақсаты соттың  ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халыққа жедел ақпарат жеткізу, кері байланыс  орнату, азаматтардың  өтініштеріне жедел жауап беру және сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту болып  табылады.

 

А.Базимова, Қордай аудандық сотының жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.