ЖАҢА ЖОБА – ЗОР МҮМКІНДІК

0

Степной ауылының тұрғындарымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Степной ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы И.Шуйшибекова сөз сөйлеп, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің маңыздылығына кеңінен тоқталды. Ол реформалардың негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ауылдық Билер кеңесінің төрағасы А.Рысымбетов пен Ардагерлер ұйымының төрағасы А.Ибрагимов өз пікірлерін білдіріп, конституциялық жаңғырудың қоғам дамуы үшін аса маңызды екенін жеткізді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және елдегі маңызды реформаларды терең түсінуге мүмкіндік береді.

Осындай кездесу Қалғұты ауылында да өтті. Ауыл тұрғындарымен мазмұнды кездесу өтіп, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы түсіндірілді. Жаңашылдықтардың мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны айтылды.

Жиын барысында ауыл ақсақалдары мен қоғам өкілдері пікір білдіріп, реформалардың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Кездесу еркін форматта өтіп, тұрғындар көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.