ЖАҢАТҰРМЫС — «ЖАҢА ПАРИЖ»

0

«Әрбір жыл менің құрдасым,
Әрбір күн менің сырласым»
А.И.

Бір кездегі, ата – бабаларымыздың маңдай терімен ғарышты да бағындырған Кеңес Үкіметі, саяз саясатты басшылармен білімсіз, жағымсыз, білгішсымақтардың арқасында бір күнде, әр-әр жердегі жалған ақпараттардың пәрменді үлесімен, аттан аунап түсті.
Одан кейінгі құрық ұстағандардың көпшілігі, қарамағындағы, қарапайым елге, айлап-жылдап еңбекақысын бере алмай жүрсе де, ауыл ортасынан қасқайтып, биік қорғанды үй салды. Міне, аштық өзегінен өткен бейшаралар!
Ол заман да өтті. «Ел бірлігі саналы тірлікпен асқақтайды». Нағыз байлық – елдің берекесі екенін түсіндік-ау, ақыры…
Енді осы тірліктен, жабағының жүлде алған ақиқатын баяндайық. Заманында, ауданымыздың «МТС»-ы орналасқан, бұл ауылдың атауына «Жаңа» деген ұлылықтың енуі бекер емес. «Жақсы сөз жарым ырыс», — дегеніміздің тұжырымы батамен тең дәреже. Ауылдың сондай, аталы жолында кезінде, өнегелі қариялығынан таймаған, ауыл-кеңес басшысы Бегімбетов Әмірқұлды еске ала кетсек артық болмас.
Жаңатұрмыс білімді жолмен бекемделеді. Бүгінгі күн соның дәлелі.
Красногор ауданына қарасты совхоз басшылығында Арпабеков Жылқыбай, Оспанов Марат, Уалиханов Орынхан сияқты мамандардың кәсіби жетістіктерінің, ауыл іргесін бекемдегені бәрімізге аян. Сол кездегі бесікке бөленген сәбилер өсе-келе еңбектің дәрежесімен тәрбиеленді. Содан соң, өмір көші жаңа игілікті талаптарды туындатты. Соның бірі, бұрынғы саябақ жобасының бүгінгі көркі, табиғаттың байлығына қосылған, ерекше үлес.
Ауыл-елдің көз тартар әсемдігі, тек жасыл-желек саласында емес, ол тұрғындардың көңіл-көшінде. Мекенімізге кіре берістегі, серуен-салғандай, жарасымды, қошқар мүйіз жол мен аты-басы түзу көшелер әрбір отау иелерінің асқақты мінезін білдіреді. Кеңдігін айтсаңызшы…
Бұл малды ауылға қажетті жайлаудың шудасы. Бұрын-соңды жазғыштардың «Ой, осы елде бәленбай ұлт өкілі бар, олар осындай-мұндай, деген даңғазалықтан біз аулақпыз. Және, бұл, ауыл ақсақалдарының есеп беру хаты емес. Себебі, әр шаңырақтағы ас-тұз барлық жерде-дағы жеткілікті. Сондықтан біз, ата-ананың бала-шағасына: «Қатарыңнан қалма, құлындарым», — деген көрегендігіне бас ұрамыз. Ағайын мен абысынға бағышталған мақалдың төркіні, жөн білетін жігіттерге жүктелген сын. Білім төресінің өшпестей із болып қалғаны, еңбектің құтын білдіреді. Жаңа түскен келіндей төріміздің шаттығы, міне, біздің әрбір көшеміз де асқақтап тұр.
«Жаңа Париж», — деген сынақты атауға енді, шын лайықты екеніміз анық, деп айтсақ, артық емес.
Күнделікті тұрмыс қажеттіліктерін бес саусағындай, анықтап, оңды-солын оңтайлы шешіммен көмкерген ауыл әкімі нағыз азамат емес пе?.. Шені мен шекпені үйлескен Бірімқұлов Айдарға «Әп бәрекелді!», — деп орынды жерде тірек болу аталы жол. Әрбір іске қанат болу керек.
-Көшенің көркі – тазалығымен түнгі сүмбіл сәулелерінде!
-Саябақ көркі бала-шаға шаттығының тәрбиелік мәнінде!
-Бірліктің көркі мешіт жанындағы дастархан кеңдігінде!
-Ендігі жоспардың аламаны: Бәйтеректей бой көтерер бейбітшілік отауы-мәдениет сарайында!
-Ердің ері болғанның – шоқтығына сөз келмес,
Нысабы зор адамның тоқтығына сөз келмес.
Абзал болса ұл-қызың шаттығыңа сөз келмес,
Адал болса еңбегің ақтығыңа сөз келмес.
Бұл «Жаңа Париждің» ұраны! Айдардың айдарлы қызмет бағыты.
Бәрін айт та, бірін айт: «Айнаның бетіне шаң жұқтырмау көріктілеріміздің үлесінде! Сиырдың жаппасына тайып жығылмасақ болды…

Асан Бөлекбаев, ауыл ақсақалы

Leave A Reply

Your email address will not be published.