Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Бішкек қаласында өткен Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Форум барысында өңір басшысы сауда-экономикалық байланыстардың нәтижелерін таныстырып, алдағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттарына тоқталды.
Форумға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев қатысты.
Форумның ашылуында сөз сөйлеген Ербол Қарашөкеев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуда Жамбыл облысының айрықша рөл атқаратынын атап өтті.
Жамбыл облысы Қырғыз Республикасымен тікелей шектеседі. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығының шамамен 60 пайызы Жамбыл облысының аумағына тиесілі.