Іс-шара «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Басқосуға облыс әкімі, Жоғары аудиторлық палатаның өкілдері, өңірлік тексеру комиссияларының төрағалары мен сала мамандары қатысты.
2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан комиссия жергілікті бюджет қаражатының заңды әрі тиімді жұмсалуын бақылап, өңірдегі қаржылық тәртіпті нығайтуға үлес қосып келеді.
Соңғы үш жылда комиссия 16 ауқымды аудит жүргізіп, 117 нысанды қамтыды. Тексеру барысында жалпы сомасы 136,3 млрд теңгенің қаражаты бақылаудан өтті.