Жамбыл облысында жылыжай шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық бағыттарының біріне айналып отыр.

0

Жамбыл облысында жылыжай шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл сала азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Әсіресе, маусымаралық кезеңде халықты сапалы әрі балғын өніммен қамту – жылыжай технологияларының басты артықшылығы, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қазіргі таңда жабық топырақ технологиялары ауыл шаруашылығын индустрияландырудың тиімді құралы ретінде қарастырылуда. Жылыжай кешендері климаттық жағдайларға тәуелсіз, жыл бойы өнім өндіруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде нарықтағы ұсыныстың тұрақтылығын сақтап, баға ауытқуын төмендетуге ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.