Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғын үй саясатын іске асыру, халықты баспанамен қамту және жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды

0

Жиында облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орумбаевтың айтуынша, биыл кезекте тұрған азаматтарды әлеуметтік баспанамен қамтамасыз етуге 20 млрд теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін 2 035 азаматты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда облыста бюджет қаражаты есебінен 2 941 пәтерге арналған 66 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 35-ін, яғни 1 685 пәтерді жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделген.

Тараз қаласының 15-шағынауданында 345 пәтерлі 5 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындарға берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.