жұмыстарының барысымен танысып, кәсіпорынды іске қосуға дайындық деңгейін тексерді. Қазіргі уақытта жұмыстардың 93–95 пайызы орындалған. Алдағы міндет – өндірісті уақытылы іске қосып, биылғы қант қызылшасы өнімін толық әрі кідіріссіз қабылдауды ұйымдастыру.
2003 жылдан бері қант қызылшасын өңдеу мен қант өндіруді тоқтатқан кәсіпорында өндірісті қайта жандандыру жұмыстары 2025 жылы басталған. Жобаның жалпы құны 12,4 миллиард теңгені құрайды. Зауыт толық іске қосылғанда жылына шамамен 250 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы болады. Өндірістік қуаты тәулігіне 3 мың тонна шикізатты өңдеуге жетеді.
«ТСЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Федор Семеновтің айтуынша, қазіргі уақытта негізгі өндірістік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Қажетті іргетастардың басым бөлігі аяқталып, технологиялық жабдықтар жеткізіліп, оларды орнату жұмыстары жүргізілуде.