Жамбыл облысының оқушыларына жақсы оқығаны үшін ақшалай бонус беріледі. Бұл мүмкіндік өңір мектептері қолданып жүрген BilimClass тегін білім беру платформасының бонустық бағдарламасында қарастырылған. Сондай-ақ балалар жол қозғалысы ережелеріне арналған викторинаға қатысып, MacBook ұтып ала алады.
Бүгінде BilimClass Қазақстанның 18 өңірінде қолданылады. Платформаны 3,6 миллион оқушы мен 380 мыңнан астам мұғалім пайдаланады. Осы көрсеткіштер BilimClass-тың еліміздегі білім беру саласында кеңінен таралған әрі ауқымды цифрлық шешімдердің қатарында екенін айшықтайды.
Қолданушылар BilimClass-ты не үшін таңдайды?
● Платформа мектептер, оқушылар мен ата-аналар үшін толықтай тегін.
● Қазақстанның білім беру жүйесіне арнайы әзірленген отандық өнім.
● Электрондық журнал, білім беру материалдары мен деректерді талдау құралдары бір платформада тоғысқан.