ЖАНҰЯ – БАҚЫТТЫҢ ТІРЕГІ

0

Гвардейск гарнизонындағы 21450 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің жұбайларымен дөңгелек үстел өтті.

Отбасылық құндылықтар – отбасын сақтау үшін қолданылатын ежелден келе жатқан салт-дәстүр. Осы орайда әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жетекшісі Қарулы күштердің қызметкері Айна Омарованың ұйымдастыруымен «Мен өз отбасымды қолдаймын» тақырыбында әскери қызметшілердің жұбайларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында отбасындағы тұрмыстық жағдайлар, ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалдар және тағы басқа отбасындағы проблемалық жағдайлар талқыланды.
Шараға Қордай ауданының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының басшысы Шынар Бейсембаева қатысты. Ол отбасындағы жанжалды болдырмау және ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құрметін көрсету туралы айтып, қатысушылардың сұрағына тұшымды жауап берді. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының психологтары позитивті ойлауға, әңгімелер жазуға және тақырыпқа байланысты түрлі тренингтер өткізіп, бейнероликтер көрсетті.
– Біздің орталықтың ашылғанына екі жылдан асты. Біз осы әскери бөлімнің шақыртуымен келіп отырмыз. Шара барысында әскери қызметшілердің жұбайларымен қызықты да ауқымды тақырыпта әңгіме жүргізіліп, тренингтер өткізілді. Осы дөңгелек үстелге қатысқан әйелдер қауымы өте көңілді болып, рахметтерін айтты, – дейді Қордай ауданының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының басшысы Шынар Бейсембаева.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.