«№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-сінде қызмет алушылар мен қызметкерлер арасында «Спорт – біздің серігіміз» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға демеушілік көмек көрсеткен «Ислам-Нұр-Қордай» қайырымдылық қорының жетекшісі Б.Мухамбетов арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спорт додасы үш кезеңнен тұрды. «Таныстыру» кезеңінде әр команда өзін таныстырса, екінші және үшінші кезеңдерде қатысушылар допты аяқпен қысып жүгіріп, шелекке тастау, қасықпен су тасу, команда капитаны кедергілер арасынан жүгіріп команда мүшелерін жинау сынды қызықты ойындар ойнады. Тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша «Барыс» командасы «Үздік спорттық команда – 2023» номинациясына және «Жүйріктер» командасы «Батыл жүрек» номинациясына ие болды.
А.Алматаева,
«№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ директоры