Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудан аумағындатүнгі рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Рейдке аудан прокуратурасының, полиция бөлімінің, аудан әкімдігінің, білім бөлімінің өкілдері қатысып, мейрамханалар, кафелер, ойын-сауық орындары, спорт алаңдары мен жастар көп жиналатын қоғамдық орындарды аралады. Шара барысында жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне жол берілмейтіні, сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында, ал 23:00-ден кейін қоғамдық орындарда ата-анасының немесе заңды өкілінсіз жүруіне болмайтыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында клубтардың бірінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болуына байланысты заң бұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде клуб иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.