ЖАС ДАРЫНДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
«Білімді ұрпақ – ел болашағы» демекші, дарынды оқушылары тағы бір белесті бағындырды. Маңғыстау облысында өткен республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсында талантты оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. Байқауға қатысқан оқушыларға қазақ тілі пәнінің мұғалімі Р.Абдибаев және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қ Құрбашова жетекшілік етті. Ұстаздар шәкірттерінің бойындағы қабілетті шыңдап, шығармашылық ізденістеріне бағыт-бағдар бере білгенің арқасында республикалық додада Бейбарыс Бахытов, Айберген Наурызбай, Айару Бөлекбай, Аружан Махсет, Жамбыл Саухан жеңімпаз атанды.
«Таланттыға тағзым – елге құрмет» дейді дана халқымыз. Оқушылардың бұл жетістігі – қажырлы еңбек пен білімге деген құштарлықтың айқын дәлелі.
Әбіш Кекілбайұлының: «Адамды адам ететін – білім, парасат және ар-ождан» деген тағылымды сөзі жас буынға әрдайым рухани бағдар болары анық.
Өнерлері өрге жүзіп, биік белестерді бағындыра берсін!
ЖАС ДАРЫНДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
Next Post