Жас суретшілер сайысы

0

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жазғы «Балауса» балалар сауықтыру лагерінде «6 шілде — Астана күні» мерекесіне орай «Жасай бер, жайна — Астана!» атты жасөспірімдер арасында тасжолға сурет салудан байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – талантты жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру.

Жас суретшілер Елорданың көз тартарлық әсем ғимараттарын жарыса салды. Әсіресе, бас қаланың негізгі нышанына айналған «Бәйтерек» монументін, көпшілік арасында «Пирамида» деген атпен танылған «Бейбітшілік пен келісім» сарайын салған балғындар көп болды.

Өзара сайысқа түсіп, үздік шыққан командаларды «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері бағалы сыйлықтарымен, диплом және алғыс хаттарымен марапаттап, шараға белсене қатысқандары үшін алғыстарын жеткізді

Leave A Reply

Your email address will not be published.