Қазіргі таңда елімізде жұмыссыздық деңгейін төмендету, әсіресе жастарды жұмыспен қамту күн тәртібіндегі мәселе болып отыр. Сондықтан, мемлекет тарапынан жастарды қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар іске асуда. Соның бірі — «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы.
Жастардың туған жерге, Отанға, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту және жұмыссыз жастарды қоғамдық жұмыстарға ақылы түрде тарту мақсатында қолға алынған бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жастардың қатары жыл санап артып келеді. Бұл бағдарламадағы басты бағыт – табиғатты қорғау, экологияны сақтауға ғана емес, жастардың тәрбиесі мен еңбекке баулу.
Қордай ауданының жастары да 2014 жылдан бастап аталған бағдарламаға қатысып, табыс табу дәстүрлі түрде қолға алынды.
Ағымдағы жылы «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 6693,0 мың теңге 100 жасқа қаржы қарастырылған. Сәуір-мамыр айларында 3748,0 мың теңге (56 жасқа еңбек жалақысы 60 мың теңге құрайтын) қаражат бөлініп, жұмыссыз жастар абаттандыру жұмыстарына тартылды. Жұмысқа NEET санатына жататын, пробация есебінде тұрған азаматтар да тартылатындығын ерекше атап өткен жөн.
Осы бағдарлама аясында жұмыс атқарып отырған жастарымыз ауданда Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің, жалғыз басты қарттардың, көпбалалы отбасылардың үйінің ауласын тазалау жұмыстарын жүргізіп, қоқыстан тазартуда. Сонымен қатар аудандық «Жасыл», «Емен» саябақтарының қураған ағаштарын кесіп, ағаштарды әктеп, ауыл ішін қоқыстан тазалау сияқты игілікті жұмыс атқару барысында үлкен белсенділік көрсету үстінде. Өздеріңізге белігі қазіргі кезде Қордай ауылының орталық саябағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатысушылары да аталған шараға өз үлестерін қосуда.
ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға ауданның волонтерлері де өз үлесін қосып келеді. 2016 жылдың 30 желтоқсанында елімізде алғаш рет «Волонтерлік қызмет» туралы Заң қабылданды. Заң аясында волонтерлер жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Ауданымызда Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызмет туралы» Заңын іске асыру аясында «Жастар ресурстық орталықтары» жанынан «Qamqor» волонтерлер қозғалысы құрылып, бүгінгі күнге 220 волонтерлер қоғамдық жұмыстар мен түрлі шараларда белсенділік танытуда.
Волонтерлер көмегімен «Qamqor» жобасы жүзеге асуда. Бұдан бөлек, Қордай ауданында 1 қайырымдылық дүкені іске қосылды. Осы дүкендерде кезек бойынша «Qamqor» волонтерлері қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылы 7 айлық есептік кезеңі бойынша «Qamqor» волонтерлік қозғалысы тарапынан барлығы 127 іс-шара ұйымдастырылып, 5344 адам қамтылды. Оның ішінде: 41 спорттық іс-шара, 14 кездесу, 72 қайырымдылық акциялары.
Мәден МҰСАЕВ,
Қордай ауданының әкімі