САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

0

Жылдағы дәстүрге сай бейсенбі күні ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Бұл күні қырманды қызыл дәнге толтырып, төрт түлікті төлдетіп, мал басын көбейткендердің еңбегі еленіп, түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қатысып, сала мамандарын құттықтады: «Өңір экономикасының негізгі қозғаушы күші ауыл шаруашылығы екені баршамызға мәлім. Салада жеткен жетістіктеріміз, жоғары көрсеткіштеріміз сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасы. Бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін», — деген аудан әкімінің орынбасары жылдың төрт мезгілінде тынбай еңбек етіп жүрген үздік қызметкерлерді марапаттады. Атап айтсақ, ҚР ауыл шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының қаулысымен «Еңбек Даңқы» медалімен «Жансай» ШҚ-ның механизаторлары С.Байтеміров, Н.Сейдеев, «Жансай» ШҚ-ның бригадирі Қ.Құрманбаев, «Құрылысшы» ШҚ-ның механизаторы Б.Байбугунов, «Бірлік берекесі» ШҚ-ның механизаторлары Р.Амангелдиев, Ф.Ибрагимов, С.Шимамов, «Бірлік берекесі» ШҚ-ның басшысы Ч.Кипчакбаев, «Бірлік берекесі» ШҚ-ның жүргізушісі Ж.Кипчакбаев, «Бірлік берекесі» ШҚ-ның қызметкері М.Тұтқышев, «Рахат» ШҚ-ның басшысы Е.Ұзақбаев марапатталды. Ал «Құтты қадам» ШҚ-ның басшысы А.Абдрасилов, «Трудовик» ШҚ басшысы Л.Айдаров, «Бекет» ШҚ-ның басшысы Т.Баймұхамбетов, «Жансай» ШҚ-ның басшысы Д. Жұмабаев, «Құрылысшы» ШҚ-ның механизаторлары Х.Ихия, С.Москалев, «Нуну» ШҚ-ның басшысы Р.Нуну, «Қанағат» ШҚ-ның басшысы Ж.Кәкетай, «Азиз» ШҚ-ның басшысы И.Варшакидзе «Елеулі еңбегі үшін» медаліне ие болды.
Сәуле МҰХАДИНҚЫЗЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.