ЖЕРЛЕСІМІЗ «ПАРАСАТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

0

26 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстанға сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар педагогті мемлекеттік наградамен марапаттады. Олардың қатарында жерлесіміз,  академик Мұхтарбай Өтелбаев та бар. Белгілі математикке «Парасат» ордені берілді.

 

Мұхтарбай Өтелбаев  – физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Математика және математикалық модельдеу институтының» бас ғылыми қызметкері.

Академик Мұхтарбай Өтелбаев – әлемдік деңгейдегі математик, Қазақстандағы математикалық ғылыми мектептің негізін қалаған ғалымдардың бірі. Оның ғылыми жетекшілігімен 71 кандидаттық және 10 докторлық диссертация қорғалып, ондаған шәкірті ғылым жолын жалғастырды. Ол 190-ға жуық ғылыми еңбектің және бірқатар ғылыми жаңалықтардың авторы.

Бүгінде академик Өтелбаев ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «Математика және математикалық моделдеу институтында» бас ғылыми қызметкер ретінде ғылыми қызметін жалғастырып келеді.

Мұхтарбай Өтелбайұлын «Парасат» орденімен марапатталуымен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.