ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

0

«АМАNАТ» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауданымызда үлкен жобалар қолға алынған. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі ұсынған мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың алты айында бірқатар жұмыстар атқарылған. Соларға қысқаша тоқталып өтсек.

Жол картасында көрсетілген 87 тармақтың 2022 жылы 77 тармағын іске асыру көзделген. 6 айдың қорытындысымен жалпы 19 тармақ орындалған. Қалған 51 тармақ орындалу үстінде.
2022 жылы Жол картасын жүзеге асыруға жалпы 9 млрд 840,9 млн теңге бөлінген. Жалпы жол картасындағы іс-шараларды орындау жөнінде жауапты тұлғалар бекітіліп, тұрақты бақылауға алынған. Осы орайда орындалған тармақтарға тоқталсақ.
Егістік алқабын 39,3 мың гектардан 43,9 мың гектарға дейін кеңейту, ірі қара мал санын 79,8 мыңнан 85,5 мыңға дейін ұлғайту, оның ішінде асыл тұқымды малды 10,5 мың басқа дейін ұлғайту жұмыстары орындалған. Сонымен қатар, мал бордақылау базасын ұлғайту, сыртқы өткізу нарықтарын дамытуға, оның ішінде ет өнімдері экспорттау, сүтті қайта өңдеу жұмыстары қарқын алып, сондай-ақ көлік-трактор паркін жаңалау, шағын және орта бизнестің қолданыстағы субьектілерінің санын 7,6 мыңға ұлғайтып, жұмыспен қамтылғандар санын 12,4 мың адамға жеткізу жоспарланған болатын. Нақты орындалғаны — субъектілерінің саны 8,2 мыңға ұлғайып, ШОБ-те жұмыспен қамтылғандар саны 12,5 мың адамды құраған.
Атқарылған жұмыстар қатарында Жаңатұрмыс ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2022 жылға жоспар 52% орындалып, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін беру бойынша жоспар 33,1 мың.м2 болса, орындалғаны 1140,0 мың м2 құраған. «7-20-25» және «5-10-20» бағдарламалары бойынша кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру» үшін 2022 жылға консультация өткізу жоспарланса, есепті кезеңде 8 консультация берілген. Кең жолақты интернетті пайдаланушылар үлесінің 2025 жылға дейін 49%-ға өсуі бойынша 2022 жылға жоспар 40%-ды құраса, орындалуы 68,3%. Жедел жәрдемді цифрландыру бойынша жұмыс 100% орындалған. Қосымша білім берумен айналысатын оқушылар санын 24%-дан 26,7%-ға дейін арттыру бойынша 2022 жылға жоспар 25% болса, аталған пайыз толығымен орындалып, қосымша білім берумен қамтылған балалар саны 7836-ны құраған. Сонымен бірге, қашықтықтан оқыту сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық балаларын компьютерлік техникамен қамтуды қамтамасыз етуге 2022 жылға жоспар толығымен атқарылған.
«Барлық ауылдық округтерде еріктілер клубтарын құру арқылы еріктілер қозғалысын дамытуды ынталандыруға ықпал ету» бойынша барлық 19 ауылдық округте 19 клуб ашылған.
Жол картасындағы 2021-2025 жылдарға арналған іс-шараларды орындау мақсатында аудан тарапынан 14 жоспарлы мәндерді түзетуге ұсыныс беріліпті. Оның өзінің нақты себептері бар. Ол себептер ұсыныста толығымен баяндалған. «АМАNАТ» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар ауданда жалғасын табатын болады.
Дайындаған Ж.ОМАРОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.