ЖОЛАУШЫЛАР МЕН БАГАЖДЫ АВТОМОБИЛЬМЕН АУДАНІШІЛІК ТҰРАҚТЫ ТАСЫМАЛДАУ МАРШРУТТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚҰҚЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

0
  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2023 жылғы 22 тамыз, жергілікті сағат 16.00-де, Қордай ауылы, Жібек Жолы көшесі, № 242 үй мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар) шығарылады:

№1  Кайнар а. (Қордай ауданы) –  Кордай а.;

Бетқайнар а. (Қордай ауданы) –  Кордай а.;

  1. Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез-келген жеке және заңды тұлғалар  қатыса алады.
  2. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Қордай ауылы, Жібек Жолы көшесі, № 242 үй мекен жайы бойынша ұсынуы тиіс.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылғы 14 тамыз сағат 12.00-ге дейін.
  4. 2023 жылғы 18 тамыз, сағат 16.00-де конкурстық Комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
  5. Анықтама алу үшін телефоны: 8 (72636) 2-10-52.

Д.Ебелекбаев, ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің басшысы           

Leave A Reply

Your email address will not be published.