ЖОМАРТ ТҮЛЕКТЕР ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

0

Жуырда №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры Аида Бейсебекованың ұйытқы болуымен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қарлығаш Туленбаеның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Жомарт түлек — 2023» форумы өтті.

Мектебімізде туған жеріне танымал, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу мақсатында мектеп оқушыларымен мотивациялық кездесу ұйымдастырылып, форумның қадірменді қонақтары туған жеріне танымал, әртүрлі салада еңбек етіп жүрген түлектеріміз Қордай аудандық мәслихатының депутаты Мұхтар Далбаев, Бетқайнар ауылдық округінің әкімі Бақытжан Құттықов, Бетқайнар ауылдық амбулаториясының бас дәрігері Дамира Сабирова, жеке кәсіпкерлер Гүлзафира Мақұлбаева және Ариф Ахметов, аудандық «Қордай шамшырағы» — «Кордайский маяк» газетінің бас редакторы Шолпан Сабанова, Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Динара Орумбаева, полиция қызметкері Мұрат Лаков және 11-сынып оқушылары қатысты. Біздің алтын орда мектебімізде «Жомарт түлек — 2023» форумын өткізу үрдіске айналып келеді. Жылдан жылға форумға қатысып, атсалысатын түлектеріміздің саны артып келеді.
Туған жеріне, халқына қызмет ету, жақсылық жасау — ізгілікті іс. Алдағы уақытта да жаны жомарт түлектердің қайырымды тірліктері жалғасын табатындығына сенімдіміз. Жоба барысында мектепті табысты аяқтаған түлектер өз мектептері үшін өнегелі істер жасап, осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Әрбір түлектің атамекеніне, білім алған ордасының көркеюіне үлес қосқаны — азаматтық парызы. Мектеп түлектерінің осындай игі істері жас жеткіншектерді жігерлендіріп, патриоттық сезімдерін оятарына сеніміміз зор.

№27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің ұжымы

Leave A Reply

Your email address will not be published.