Зымыран және артиллерия әскері: Қарулы Күштердің отты күші

0

Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлері Оқу орталығы мен артиллериялық бригаданың жеке құрамы «Зымыран әскерлері және артиллерия күні» мерекесін салтанатты түрде атап өтті.

Салтанатты шарада әскери бөлімдердің жауынгерлік туы саптық алаңға шығарылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалды.
Айтулы мерекеде әскери бөлім командирлері қызмет барысында жетістіктерге жеткен әскери қызметшілерге алғыс жариялап, үздіктерді грамотамен марапаттады.
– Қарулы Күштердегі барлық артиллерияшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби шеберлік, жауынгерлік даярлықта жетістіктер тілеймін, – деді артиллериялық бригаданың реактивті артиллериялық дивизион командирі гвардия майоры Бақытжан Айбек.
Айта кетейік Құрлық әскерлерінің Оқу орталығында Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін айқындайтын артиллерия мамандары даярланады. Ол өзінің жауынгерлік дәстүрін елімізді қорғау жолында жалғастырып келеді.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.