ҚАРАСУДА «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

0

2023 жылдың 30 қаңтар мен 7 ақпан аралығында өтетін этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған кешенді шаралар жоспарына сәйкес бүгін Қарасу ауылында №7 А.Пушкин атындағы орта мектептің мәжіліс залында «Махамбет оқулары» байқауы өтті.

Оқушылардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігі мен бай сөздік қорын насихаттау, Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын жастар жүрегіне ұялату арқылы рухани танымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған шарада түрлі этнос өкілдері ақын өлеңдерін қазақ тілінде орындады.

Махамбет оқулары 4 номинация бойынша өтіп, жоғары сынып оқушылары Ұлы ақынның әнін айтып, қара өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан бақ сынасты.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес дарынымен ерекшеленген байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.