ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!

0

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуыңызға құқықтық негіз бар.
Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілуіңіз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асырылу кепілі болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тізімдерді Сіздің дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар тізімдерге берілген өтініш негізінде енгізіледі.
Дауыс беруге арналған учаскелер тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады, олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өз учаскеңізді біліп, тізімге енгізілгеніңізді Сіз жергілікті атқарушы органға хабарласып, тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.
2022 жылғы 20 мамырдан бастап өз учаскеңізде Сізге республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгіне аласыз.
Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!

Қордай аудандық референдум комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

Аудандық референдум комиссиясымен арнайы
Call-орталық құрылып, онда сайлаушыларға республикалық референдумға қатысты қажетті ақпарат алуға болады

ЌЎРМЕТТІ ЌАЗАЌСТАНДЫЌТАР!
2022 жылғы 5 маусымда Президенттің Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Референдумға қатысу құқығына он сегіз жасқа толған Республика азаматтары ие.
Референдум азаматтардың өз ықтиярымен қатысу, еркін ашық білдіру, сондай-ақ жалпыға бірдей, тең, төте және жасырын дауыс беру принциптері бойынша өткізіледі.
Референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал шығарылып отыр.
Сіздің таңдауыңыз маңызды!

Қазақстан Республикасының
Орталық референдум комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.