Әскерде қылмысқа орын жоқ

0

Гвардейск гарнизонында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Гарнизoндық Әскери полиция бөлімінің өкілдері 30212 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерімен «Құқық бұзушылықсыз әскер» науқаны аясында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізді. Әскери полиция қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттеріне сәйкес әртүрлі бағытта түсіндіру жұмыстары мен сұқбаттар өткізді.
Шара барысында қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан орын алған оқиғалар мысалға келтіріле отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің баптары жеткізілді. Сондай-ақ, «Әскери киім нысанын кию ережелерін бұзбау» тақырыбында сұхбат өткізілді.
Сонымен қатар Әскери полиция бөлімі бастығының заң сұрақтары жөніндегі орынбасары – анықтау және іздестіру бөлімшесінің бастығы әділет майоры Тимур Төреханов қылмыстық құқық бұзушылық бойынша мысалдар келтіре отырып жеткізсе, алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет майоры Ринат Жұмағұлов Қорғаныс министірлігінің еліміздегі жоғары оқу орындарымен жасалған екі жақты келісім арқасында жоғары білім алуға мүмкіндіктер туралы айтып өтті.
– Біз, әрдайым гарнизондағы барлық әскери бөлімдерге барып әскери қызметшілердің арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында алдын алу іс-шараларын жүргізіп отырамыз. Мұндай шаралар әскери тәртіпті нығайтып, қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына септігін тигізеді. Шараға қатысушы әскери қызметшілер өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауап алып, білмеген заңдары мен құқықтарын біле алады, – дейді әскери полиция бөлімі әскери полиция бөлімшесінің бастығы подполковник Нұрлан Нүсүпов.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.