ҚҰРМЕТТІ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ!

0

Күні кеше көпшілікке белгісіз болып келген Ауған соғысының «отқа оранған он жылы» тарих қойнауының парақтарында қара таңба болып қалды. Жарияланбаған соғыс біздің мемлекетімізге  өте қайғылы жағдайдың бірі болды. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен  шығарылғанына бүгінгі таңда  35 жыл толып отыр.

Жастық шақтың бір бөлігін оқ пен от арасында  өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-есен оралған ардагерлерімізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Соғысты көзімен көрген әрбір ардагер ағаларымызға ондай күнді ұрпағымыздың басына бермесін дейміз. Бейбітшілік заман болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.

Отан алдындағы борышына соңына дейін берік болған, сол сұрапыл соғыста қаза болған жерлестеріміздің ерлігі мәңгі есте!

Г.ДАМИНОВ, Қордай ауданы ҚІЖБ бастығы, полковник

Leave A Reply

Your email address will not be published.