ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінде аудан басшысы Мәден Мұсаевтың төрағалығымен кезекті кеңес отырысы өтті. Жиын барысында аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлерден тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы жайлы сұрап, елді мекендерді газдандыру және ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын талқылады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Амантаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қарасай батыр, Еңбек, Керу ауылдарының газдандыру жұмыстарына, Қордай ауданы тұрғындарын тұрақты және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және Сарыбұлақ, Ноғайбай, Степное, Қайнар, Қарасу ауылдарының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен қаражат қарастырылып, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мердігер ұйымды анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Одан кейін халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С.Копешов сөз алып, Қордай ауданында 2022 жылға арналған жұмыс орындарын құру өңірлік картасына сай орындалып жатқанын баяндады.
Әр бағыттағы жоспарлы жұмыстар мен болашақта атқарылуы тиіс міндеттер айқын. Осы ретте аудан басшысы жауапты бөлім басшыларына құрылыс жұмыстарына жергілікті аудан тұрғындарын тарту керектігін, жұмыстар жоспарға сәйкес аяқталу қажеттігін ескертті. Бұдан бөлек мердігерлер тарапынан жіберілген бірқатар кемшіліктерді сынға алып, оларды жою керектігін баса айтты.
Қордай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Д.Рысдәулетов жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерінің талаптарын тізіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпті жерлерге тиісті жол белгілерінің орнатылмауы бойынша Қордай ауданында бірқатар кемшіліктер анықталып, әкімшілік хаттама толтырылғандығын баяндады.
Жиын соңында Мәден Мұсаев құрылыс жұмыстары қатаң бақылауында болатынын айтып, жауапты тұлғаларға нысандардың құрылыс сапасына назар аударып, жоғарыда аталған кемшіліктерге жол бермеуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.