ҚАЙНАР ДИҚАНДАРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА Жылдар бойы Қордай ауданына қарасты Қайнар ауылында суармалы су тапшылығы өзекті мәселелердің бірі болып келді.

0

Соның салдарынан егіс алқаптарының көлемі шектеліп, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға кедергі туындады.
Аталған мәселені шешу мақсатында Қайнар ауылында суармалы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 3800 гектар егіс алқабын қамтитын су құбыры жүйесінің негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу кезеңіне жетті.
Жоба аясында су құбырларын төсеу және сорғы стансасын іске қосу жұмыстары орындалды. Нәтижесінде қуатты сорғы қондырғысы суды 8 шақырымға дейін жеткізу мүмкіндігіне ие болып, егіс алқаптарын тұрақты суармалы сумен қамтамасыз етуге жағдай жасалуда.
Жобаның толық іске асырылуы нәтижесінде мыңдаған гектар ауыл шаруашылығы жері тұрақты су көзіне қол жеткізіп, егіншілік саласының тиімділігі артады. Бұл өз кезегінде өнім көлемін ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға және Қайнар ауылы диқандарының әл-ауқатын жақсартуға оң ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.