ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

0

08.04.2024 — 19.04.2024ж Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттарды алудың бірінші ағымына өтінімдер қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылы берілетін гранттар тек халықтың нысаналы топтарына қаралған:

— атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

— көп балалы отбасы мүшелері, көп балалы отбасы бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);

— асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

— өңіраралық қоныс аударушылар;

— қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;

— еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар тұлғалар;

— мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғалар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.