ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

0

17 ақпан күні Шерхан Мұртаза атындағы негізгі мектебінде аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен оқыту семинар-кеңесі өтті. Жиынға округтік сайлау комиссияларының төраға/төрайымдары және хатшылары қатысты. Семинар-кеңесте үш мәселе талқыланып, оның біріншісі бойынша аудан әкімі аппаратының бас есепшісі Ж.Маженова баяндама жасады. Ол 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңіріміздің барлық аудандарының жергілікті атқарушы органдарының қаржы қызметтерінің қызметкерлерін алдағы сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты бюджетті жоспарлаудың негізгі бағыттары мен шығыстарын және округтік сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбек ақысы бойынша түсіндірді.
Осыдан кейін сөз алған аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу туралы баяндап, саяси партияның, мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi туралы түсіндірді.
Семинар-кеңестің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев баяндама жасап, кандидаттардың сенімді өкілдерін тіркеу туралы толыққанды ақпарат берді. Сонымен қатар, жиынға қатысушыларға сенім білдірілген адамдарды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы №62/108 «Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қаулысын басшылыққа алып тіркеу жұмыстарын жүргізу бойынша түсіндірді.

Үгіт-насихат науқаны барысындағы негізгі мәселелер түсіндірілді

Сәрсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде Қордай аудандық сайлау комиссиясы облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар, олардың сенімді өкілдері және округтік сайлау комиссияларының төраға/төрайымдарының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаевтың төрағалығымен өткен жиында екі мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша аудан әкімі аппаратының бас есепшісі Ж.Маженова баяндама жасап, 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Бұл ретте аудандық сайлау комиссиясының төрағасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 106-бабына сәйкес мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қоры мөлшерінде шектеулер бар екенін айтты. Осыдан кейін А.Сырлыбаев сөз алып, күн тәртібіндегі екінші мәселе – облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар және олардың сенімді өкілдерін сайлау алдындағы үгiт материалдарын өткізудің негізгі сәттері туралы баяндады. Жиын соңында семинар-кеңеске қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын жолдады.

Сайлау комиссиясының мүшелері қашықтан оқытылады
23 ақпан күні аудандық Мәдениет үйінде Қордай аудандық сайлау комиссиясы саяси науқанға қатысты семинар-кеңес өткізді. Учаскелік сайлау комиссияларының төраға/төрайымдары және хатшылары қатысқан жиында төрт мәселе қаралды. Бірінші сұрақ бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай баяндама жасап, сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру туралы айтып өтті. Одан кейін баяндамашы екінші сұраққа көшіп, сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту мен тестілеу мәселесіне тоқталды. Э.Күмекбай өз сөзінде учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қашықтықтан оқыту мен тестілеуден өтуі тиіс екендігін айтып, тестілеу 2023 жылдың 1 наурызынан басталатынын хабарлады.
Ал күн тәртібіндегі үшінші мәселе – «Мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру туралы» аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев баяндама жасады. Төраға мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 Қаулысына сәйкес жарақтандыратынын айтты.
Осыдан кейін төртінші мәселеге тоқталып, 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңіріміздің барлық аудандарының жергілікті атқарушы органдарының қаржы қызметтерінің қызметкерлерін алдағы сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты бюджетті жоспарлаудың негізгі бағыттары мен шығыстарын және округтік сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбек ақысы бойынша түсіндірді. Семинар-кеңесте көтерілген барлық сұрақтар бойынша қатысушыларға нақты жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Аудандық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.