Қауіпсіздік сақтау мақсатында рейд өткізілді

0

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жасөспірімдер мен жастар арасында қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында мопедтер мен электр самокаттарды пайдалану бойынша профилактикалық рейд өткізілді.

Рейд барысында жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, қорғаныс құралдарын пайдалану, көлік құралын қауіпсіз басқару және жолда өзге қатысушыларға қауіп төндірмеу қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, мопед және электр самокат жүргізушілеріне белгіленген талаптарды сақтап, қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қауіпсіздік – әр адамның ортақ жауапкершілігі!

#Заңжәнетәртіп
#Законипорядок
#Жамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть

Leave A Reply

Your email address will not be published.