Жамбыл ауылдық округінде тұрғындар арасында алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық бүктемелер таратылды.
Тұрғындарға интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық түрлері, жалған қоңыраулар мен күмәнді сілтемелерден сақтану жолдары түсіндірілді.
Азаматтарға жеке мәліметтерін, банк картасының нөмірін, SMS-кодтар мен құпия сөздерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді.
#Заңжәнетәртіп
#Законипорядок
#Жамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть