«ҚАЗАҚСТАН: БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ»

0

1 наурыз –Алғыс айту күніне орай Қаракемер, Масаншы, Ауқатты, Сортөбе, Бұлар батыр, Қарасу ауылдық округтерінде этносаралық келісімді нығайтуға арналған «Этносаралық келісім – ел тұрақтылығының кепілі» атты онкүндік жоспарына сәйкес ауылдық кітапханаларда «Татулық – достық кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – ауыл тұрғындары мен жастарға татулық, бірлік, ынтымақ туралы мәлімет беру. Мейірімділік, достық, ризашылық, азаматтардың бір-біріне деген сүйіспеншілік сияқты адами құндылықтарды қоғамда ілгерілету арқылы қазақстандық бірегейлік пен халық бірлігін дамыту және нығайту. Бүгінгі таңда Қазақстан – көпұлтты, көп этнос қоныстанған ел. Көрмеге «Мәңгілік ел Қазақстан», «Қазақстан: бірлік және келісім мекені», Құрманбек Әлімжанның «Қазыналы Қордай» т.б.  кітаптары қойылып, библиографиялық шолу жасалды.

Аудандық кітапхана

Leave A Reply

Your email address will not be published.