КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ

0

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына №2 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабы 6-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған №2 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелгені туралы хабарлайды:

№2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша.

  1. Байбеков Айдын Оскарович, 1987 жылы туған, орталық аудандық аурухананың бас дәрігерінің м. а., Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  2. Исмаров Шариф Исхарович, 1962 жылы туған, «Ертөстік» бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің шаруашылық жөніндегі орынбасары, Қордай ауданы Масанчи ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  3. Идыбо Айша Люшировна, 1971 жылы туған, «Бүлдіршін» бөбекжайының меңгерушісі, Қордай ауданы Сортөбе ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.

№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша.

  1. Райымбекова Альмира Жумабаевна, 1987 жылы туған, Қордай ауданы бойынша «Мансап орталығы» филиалының бөлім басшысы, Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  2. Нұрқияс Айдана Досымханқызы, 1995 жылы туған, аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары, Қордай ауданы Алға ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  3. Джамангозов Бейкут Тилебалдыевич, 1969 жылы туған, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы, Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.