Қазақстандықтар Құрылтай сайлауынан оң өзгерістер күтеді

0

Еуразиялық интеграция институтының 2026 жылғы 16–26 шілде аралығында жүргізген әлеуметтанулық зерттеуіне Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 4 000 азамат қатысты.

🔹 Респонденттердің 78,2%-ы сайлау мен референдумдарға тұрақты қатысатынын айтты.
🔹 68%-ы Құрылтай сайлауынан кейін өмірінде оң өзгерістер болады деп күтеді.
🔹 48,8%-ы сайлау әділ өтетініне сенімді.
🔹 43,3%-ы сайланатын депутаттар азаматтардың мүддесін қорғайды деп есептейді.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың басым бөлігі дауыс беруді азаматтық борышы деп санайды және жүргізіліп жатқан саяси реформаларды қолдайды.

Сайлау туралы ақпараттың негізгі көздері:
📺 Теледидар – 51,6%
📱 Instagram – 44,5%
🌐 Интернет-порталдар – 32,5%
👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы және туыстар – 27,4%
🎵 TikTok – 23,8%

Сонымен қатар, қазақстандықтардың пікірінше, саяси партиялар ең алдымен елдің экономикалық дамуына үлес қосып, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға және елдің болашағы жөнінде нақты көзқарас ұсынуға басымдық беруі қажет.

#Құрылтай2026 #Сайлау2026 #Қазақстан #ҚоғамдықПікір #СаясиРеформалар

Leave A Reply

Your email address will not be published.