Қордай аудандық кітапхананың коворкинг орталығында «Домбыраның сыры мен тарихы» тақырыптық кеші өтті. Ұлттық өнеріміздің асыл қазынасы – домбыраның тарихы мен тағылымын насихаттауға арналған «Домбыраның сыры мен тарихы» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.

0

📚 Қордай аудандық кітапхананың коворкинг орталығында «Домбыраның сыры мен тарихы» тақырыптық кеші өтті. Ұлттық өнеріміздің асыл қазынасы – домбыраның тарихы мен тағылымын насихаттауға арналған «Домбыраның сыры мен тарихы» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
⚜️ Кеш барысында қатысушылар домбыраның шығу тарихымен танысып, оның қазақ халқының мәдениеті мен рухани өміріндегі ерекше орны туралы мол мағлұмат алды. Сондай-ақ, ұлттық өнерді биікке көтерген әйгілі күйшілердің өмірі мен шығармашылығы насихатталып, күмбірлеген күйлер орындалды.
⚜️ Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеу және домбыра өнеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Домбыраның күмбірлеген үні – ұлттың үні, рухтың үні! 🇰🇿 🎶

Leave A Reply

Your email address will not be published.