Өмірбаян
Сатышев Алмат Бейсенұлы Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта осы ауылда тұрады. Білімі – жоғары, Қаржы полициясы академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Жамбыл облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінде тергеуші болып бастаған.
2013 жылдан бастап «Ынтымақ» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келеді.
Қызметімнің негізгі бағыты – ауыл шаруашылығын дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және жергілікті кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
Сонымен қатар, түрлі этнос өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысады. Өйткені қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сыйластық – өңірдің дамуы мен берекелі өмірінің маңызды негізі деп санайды.
Шаруашылық саласындағы көпжылдық тәжірибе мен заңгерлік білім ауыл еңбеккерлерінің, кәсіпкерлердің және тұрғындардың күнделікті мәселелерін жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді шешу, еңбек адамдарының мүддесін қорғау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау маңызды міндеттердің бірі санайды.
Сайлауалды бағдарламасы
- ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
Қарасу және Өтеген ауылдарындағы жөндеуді қажет ететін жол учаскелерін жөндеуге қол жеткізуге ықпал ету. Ауданның елді мекендері арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты қатынауын қамтамасыз етуге және автомобиль жолдарын сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.
- СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Сумен жабдықтау мәселелерін шешуге және тозығы жеткен инженерлік желілерді жөндеуге қол жеткізу. Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауылшаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған, тиісті түрде жабдықталған алаң құруға қол жеткізу.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Қарасу және Өтеген ауылдарының тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, сондай-ақ елді мекендерді білікті медицина кадрларымен қамтамасыз етуге қол жеткізу. Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, медициналық мамандарды тартуға жәрдемдесу.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, мектептерге баратын жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ балалар және спорт алаңдарын дамытуға қол жеткізуге ықпал ету.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.
- ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қарасу ауылындағы Бәйтерек және Кескентас көшелерін, сондай-ақ Өтеген ауылының шалғай бөліктерінде орналасқан тұрғын үй кварталдарын абаттандыру жұмыстарын жүргізуге ықпал ету. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға ықпал ету.