Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан №17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат КЕРДЕНОВ АНУАР БЕЙҚҰТҰЛЫ

0

Өмірбаян

Керденов Ануар Бейқұтұлы Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Қордай ауданы бойынша Салық комитетінің маманы қызметінен бастаған. 2019 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

2025 жылы Қордай ауданының Сарыбұлақ ауылында 300 орындық мектеп салып, ел игілігіне пайдалануға берген. Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметі аясында 65 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Қызметінің негізгі бағыттарының бірі – білім беру саласындағы құрылыс жұмыстарын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, ауылдық елді мекендерде заманауи мектептер мен балабақшалар салуға, білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға үлес қосу.

Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру жөніндегі бастамаларды қолдау.

Сайлауалды бағдарламасы

  1. ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

Күнделікті тұрғындар, жаяу жүргіншілер, балалар мен қарт адамдар жиі қатынайтын көшелер мен жол учаскелеріне ерекше назар аудару.

  1. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Халықты сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге, сондай-ақ тозығы жеткен инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткізу.

Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Жергілікті фермерлері мен жеке қосалқы шаруашылықтары өндіретін өнімдерді өткізуге арналған арнайы жабдықталған сауда алаңын құруға қол жеткізуге ықпал ету.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Сарыбұлақ және Қайнар ауылдары тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, бейінді дәрігерлердің қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қол жеткізу. Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, Сарыбұлақ және Қайнар ауылдарына медицина кадрларын тартуға жәрдемдесу.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

  1. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Сарыбұлақ ауылындағы Самал көшесін және Қайнар ауылындағы Шаңырақ көшесін абаттандыруға, тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізуге ықпал ету.

Leave A Reply

Your email address will not be published.