ҚОРДАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

0

Қордай ауданының мемлекеттік архиві сіздерден, отбасылық мұрағатыңызда майдан жауынгерінің хаты сақтаулы болса, Қордай ауданының мемлекеттік архивіне мемлекеттік сақтауға ұсынуыңызды сұранамыз. Мемлекеттік архивке ұсынылған құжаттарыңызды сақтауға, қорғауға жауапкершілік аламыз. Сонымен қатар, әр құжат коллекциялық қорға жинақталады.

Ұлы Отан соғысының тарихын ұрпақтарға насихаттап, жас ұрпақтың бойында 1941-1945 жылдардағы ұмытылмас оқиғалар кейіпкерлеріне деген құрмет сезімін қалыптастырып, патриоттық сезімін ояту, баршамызға ортақ міндет.

Байланыс нөмері: 8 708 215 52 78, 8 72636 2 23 29

Leave A Reply

Your email address will not be published.