ҚОРДАЙЛЫҚ ПОЛИЦИЯ СПОРТТАН ДА ҮЗДІК

0

«Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысының полиция қызметкерлері арасында «Полиция барысы-2024» турнирі басталды.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Сматов «Полиция барысы» бұл ұлттық спорт түрі – қазақ күресін насихаттауға бағытталған және тәртіп сақшыларының кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ететін ауқымды жарыс екенін атап өтті.

Турнирдің құрметті қонақтары еңбек сіңірген жаттықтырушылар Ахмет Жұмағұлов, Ғалымжан Жылгелдиев, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, «Еуразия Барысы» турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев, «Қазақстан Барысы-2023» турнирінің чемпионы Ғалымжан Қырықбай болды.

Осы спорт додасында Қордай аудандық полиция бөлімі қызметкерлері  марапатқа ие болды.

Бұл күні 2023 жылы барлық спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша ерекшеленген қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткен болатын.

«Үздік спортшы» номинациясы бойынша Қордай АПБ қызметкері Қымбат Қауынбаев марапатталды. Ал, жыл қорытындысы бойынша қордайлық тәртіп сақшылары командалық есепте 2-орынды иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.