Қордай ауданының әкімі Бегзат Сейсенқұлылы Болатбековтің қолдауымен қосымша білім беру саласында тағы бір маңызды қадам жүзеге асты. Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығына оқу автокөлігі табысталды.
Бұл бастама білім алушылардың автокөлік жүргізу дағдыларын жетілдіріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін сапалы меңгеріп, заманауи талаптарға сай кәсіби маман болып қалыптасуына жол ашады.
Орталық ұжымы мен білім алушылар көрсетілген қолдау үшін аудан әкімдігіне алғыстарын білдіріп, жаңа оқу көлігі тәжірибелік сабақтардың тиімділігін арттыруға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.