Іс-шараға жұмыс іздеуші және жұмыссыз жастар қатысып, түрлі мекемелер мен кәсіпорындар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысты.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету, жұмыс берушілер мен жастар арасындағы байланысты нығайту және еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы ақпарат беру.
Іс-шара барысында қатысушылар түйіндеме тапсыру, жұмысқа орналасу тәртібі және кәсіби бағыт-бағдар бойынша кеңестер алып, өздеріне лайықты жұмыс орындары жөнінде мәлімет алды. Сонымен қатар жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіптік оқыту мүмкіндіктері туралы ақпараттар түсіндірілді.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Мансап орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Next Post