ҚОРДАЙ АУЫЛЫНДА «АҚЫЛДЫ БАҒДАРШАМ» ОРНАТЫЛУДА

0

Қордай ауылының Жібек жолы көшесіне «Ақылды бағдаршам» орнатылуда. Бұл бағдаршам көлік пен халық көп қатынайтын «Қордай» кеден бекетінің маңына қойылды.
Өткен жылы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған кеден бекеті сәуір айында ашылады деп жоспарлануда. Тиісінше көлік саны да артады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, кептелісті болдырмау мақсатында алғашқы ақылды бағдаршам осы аймаққа орнатылуда. «Ақылды» бағдаршамдар көлік қай бағытта көп болса, сол бағытта жасыл түсті көбірек жандыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта аудан орталығына мұндай бағдаршамдарды көптеп орнату жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.