ҚОРДАЙДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

0

Қордай ауданында 1 тамыздан бастап 2007 жылы туған ауыл жасөспірімдері арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Чемпионат 7 тамызға дейін жалғасады. Орталық стадионда өтіп жатқан додаға Қызылорда облысының Арал және Сырдария аудандарының, Түркістан облысының Төле би, Жетісай аудандарының, Жамбыл облысының Талас, Мойынқұм, Қордай аудандарының спортшылары қатысуда.

-Күн сайын спортқа ден қойып жатқна адамдар саны өсуде, бұл қуанышты жағдай. Бүгін біздің спортшылар аудан, облыстың ғана емес, бүкіл республиканың мақтанышы болып табылады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, — деп аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай іс-шараны ашты. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Нұрдин Садықов пен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Түркістан облысының спорт ардагері Болат Базарбаев сөз алып, қатысушыларды құттықтады.
Бүгінгі күнге Төле би және Жетісай аудандарының арасында өткен жарыс 5:1 есебімен, Арал мен Мойынқұм 6:2 есебімен, Қордай мен Талас 11:0 есебімен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.