БОЗ КІЛЕМДЕ – ЖАС ПАЛУАНДАР

0

17 ақпан күні Әлжан ана ауылындағы спорт кешенінде «Адалдықты ту еткен, Тәуелсіз елдің болашақ ұрпақтары» атты және Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған дзюдо күресінен 2012-2013, 2014-2015 ж.т жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті.

Жарысқа Тараз қаласы, Талас ауданы, Гвардейский қалашығы, Кенен ауылы, Сарыбұлақ ауылы, Жаңатұрмыс ауылы, Қордай ауылы №17, №18 БЖСМ — командалары қатысып, шеберліктерін шыңдады.

Жасөспірім балуандар татами үстінде неше түрлі әдістерін қолданып, жоғары дайындықпен келгендерін байқатты.

І, ІІ, ІІІ орын алған жасөспірім дзюдо балуандары демеушілік тарапынан медаль, диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.