ҚОРДАЙЛЫҚТАР ЖОБА ЖЕМІСІН КӨРУДЕ

0

Ел игілігі үшін қолға алынған жобалардың ауданымызда табысты іске асып жатқандары туралы аз-кем сөз етсек. Тұрғын үймен қамтудан бастап «екі қолға бір күрек» ұсынатын жүйелі жұмыстар қазір мықтап қолға алынған. Соларға тоқталып өтсек.

 

Ауданымызда «Асар», «Жомарт түлек», «Мейірім»  жобалары көмекке мұқтаж тұрғындардың тілегін өтеуге үлкен сеп болғанын ерекше атап өтуге болады. 2023 жылға «Асар» жобасы аясында Қордай ауданында 16 тұрғын үйді мұқтаж отбасыларға тапсыру жоспарланып, бүгінде 8 тұрғын үй қолданысқа берілген. Қалған 8 тұрғын үй жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарлануда. Берілген үйлер мен қуанышты отбасылар турасында газетімізде әрдайым мақалалар беріп отырамыз.  Бұл игі істердің арқасында ауданда қоныс тойлар саны артып, келер жылы лайықты жалғасын табатын болады деген сенім мол.

Аудан бойынша «Жомарт түлек» жобасы шеңберінде табысты түлектердің демеушілігімен 2023 жылы 150 млн. теңгені құрайтын 53 жоба іске асырылып жатқанын да айта кеткен жөн. Бұл ауданнан түлеп ұшып, сыртта жүрсе де туған жерге қамқорлығын аямаған жандардың жомарттыққа толы қайырымды шаралары.

Осылармен қатар  2020 жылдан бастап жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Мейірім» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күнге «Мейірім» жобасы аясында 97 баланың «Отбасы банкінде» ашылған шоттарына бекітілген мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар 5 млн. 250 мың теңгеден астам қаражат аударыпты.

Талай ауылдың түлеуіне серпін берген «Ауыл аманаты» жобасы Қордайда табысты іске асуда. 2023 жылы 3 ауылдық округ қатысып, 1,9 млрд. теңгеге 354 ауыл тұрғындарын 2,5%-бен несиелендірілу жоспарланған. Бүгінгі таңда Кенен ауылдық округінде мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 73 азамат, Қарасу ауылдық округінде 34 азаматқа, Қаракемер ауылдық округінде 29 азамат несие алған. Олардың алды қазір табысты кәсібін бастап үлгерген.

 Жандос Омаров

Leave A Reply

Your email address will not be published.